Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Астана несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне кірді

Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «тұрақты» деп өзгертті, деп хабарлады әкімдіктің медиа орталығы.
Нұр-Сұлтан03 Тамыз , 08:46

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растады.

"Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: «ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы», - делінген  хабарламада.

Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді. 




Яндекс.Метрика