Шағын және орта бизнесті дамыту

Петропавлда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Кеше Петропавл қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 14:31

Аталмыш орталық «бір терезе» режимінде кәсіпкерлерге кеңес береді. Бизнесмендерді оқыту да қолға алынбақ. Орталықтың ашылуына қатысқан Самат Ескендіров өз сөзінде орталық аймақтың барлық кәсіпкерлерінің пікір алмасу алаңына айналатынына сенімін жеткізді. 

Жалпы, билік пен бизнестің арасында диалогты қамтамасыз ету мақсатында облыста 30-дан аса кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мекеме «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4 жыл ішінде 4 млрд теңге, ағымдағы жылы 1,1 млрд теңге бөлінді.

Шағын және орта бизнесті  мемлекеттік қолдау 2005 жылмен салыстырғанда 30 пайызды құрап, 77 мыңнан 100 мың адамға дейін өсті.

Өнім көлемі 4 есеге өсті. Облыстың 60 пайыз салығы шағын және орта бизнестен келіп түседі. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика