Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Тоқаев Фукусимада Семей полигонын жабудың тарихи маңызы туралы айтып берді

Фукусимада өткен конференцияда Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығының тарихи маңызы туралы мәлімдеді.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

Өткен жылы атом стансасындағы қайғылы апаттан кейін бүкіл әлемге танымал болған Фукусимада 15 желтоқсанда ядролық қауіпсіздік бойынша уәкілдік халықаралық конференция өтті. Форумға 10 елдің сыртқы істер министрлері, 100-ден астам мемлекеттер үкіметтерінің мүшелері, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. БҰҰ атынан Бас хатшының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, ол дүниежүзілік ұйым басшысы Пан Ги Мунның жолдауын жария етті. 

«Сондай-ақ қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болып табылатын Қ.Тоқаев өз баяндамасында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың төрт онжылдық бойы қырғынға ұшырататын қаруды сынау жүргізілген Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығының үлкен маңызын атап өтті», - делінген хабарламада.

Бұл тарихи құжатқа қол қойылған күнді (1991 жылғы 29 тамыз) БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының айтуынша, бұрынғы КСРО республикаларының бірінің басшысы қол қойған мемлекет ішілік құжат алғаш рет халықаралық қатынастар тарихында жаһандық маңызға ие болды. Тоқаев «Қазақстан таратпау тәртібін нығайтуға зор үлес қосқанын, бұл Елбасының баға жетпес еңбегі» екендігін айтты. 




Яндекс.Метрика