EXPO-2017

ЭКСПО-2017 Қазақстанға көп пайда әкеледі – ОАР елшісі

Қазақстан ЭКСПО -2017 ірі халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болып, өзінің тағы бір мақсатына жетті. Енді дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Біздің ел мегажобаның инфрақұрылымдық бөлігінің жоғары деңгейін ғана көрсетіп қоймай, таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша инновациялық жетістіктерді көрсете білуі керек. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Астанаға қандай пайда әкеледі? Бұл жөнінде Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шириш М.Сони мырза ой-пікірімен бөлісті.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Бірінші кезекте Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу Қазақстанға әлемдік танымалдылыққа қол жеткізуге, брендке айналуға мүмкіндік береді. Мысалы, біздің ел, яғни ОАР әлемдік футбол чемпионатын өткізгеннен кейін танымал болды. Брендтің  әрқашан қымбат бағаланатынын білеміз.


Екіншіден, Еуразия құрлығының ортасында Қазақстанның тиімді орналасуы шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырады. Себебі әрбір адам біліміне қарамастан жаңа елдерді танып, білгісі келеді және менің ойымша, ЭКСПО-ны өткізетін Астана географиялық жағынан бүкіл әлем туристерінің назарын өзіне аудартады. 

Үшіншіден, тәжірибелік жағынан сәйкес инфрақұрылымдық жобалардың рөлін атап өткен жөн. Қонайқүй, мейрамхана, ойын-сауық нысандарын салу туризм мен бизнесті дамытуды ынталандыру керек. ЭКСПО-дан кейін бизнес сондай жақсы дамиды деп айта алмаймыз, дегенмен ол осы базаға инвестицияларды одан әрі тартуға негіз болады. Сондай-ақ, масштабты көрмені өткізу жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті индустрияны, әсіресе шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан екі нәрсені атап өткен жөн: бірінші – әлемдік бренд, екінші – коммерциялық жағынан пайда көру. Және экономикалық пайдадан басқа ненің пайдалы екенін Оңтүстік Африкада өткен футболдан әлем чемпионатынан көруге болады. Бұндай үлкен шара халықты бір командаға біріктіруге, бір мақсат қоюға, мыңдаған еріктіні тартуға мүмкіндік береді. Чемпионат кезінде бізде ерекше көңіл-күйдің қалыптасқанын атап өткен жөн. Ерекше мәдениет көрінді, клуб, аула, стадиондарда доппен би билеп, футбол туралы ән айтқан адамдар көп кездесті. Бұл адамдарды олардың ұлтына, дініне қарамастан бір отбасындай біріктірді. Әсіресе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі маңызды болды, себебі бізде қылмыс деңгейі жоғары. Бірақ, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ете алдық, себебі барлығы жұмыла жұмыс істеді. Барша халық бұл оқиғаның маңыздылығын түсінді және қылмысқа жол бермеуге тырысты. Осылай, ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу азаматтық қоғамның, ұлттың бірігуіне ықпал етеді. Қазақстанның ЭКСПО-дағы жеңісіне қуана отырып, Африка құрлығы елдерінің, нақтырақ айтсақ біздің мемлекеттің қолдайтынын атап өткім кеп отыр. Біздің сыртқы саясатымыздың өте қарапайым екендігін айтқым келеді. Біз әрдайым дамушы экономикаға қолдау көрсетеміз. Осы жылдың басында саяси консультациялар барысында біз қазақстандық дипломаттарға осындай қиын күресте Қазақстанды қолдау үшін барлығын жасайтынымызды айтқан болатынбыз. 103 және 44 ел. Париждегі Халықаралық көрме бюросының штаб-пәтерінде 103 ел Қазақстан үшін дауыс берді. Және бұл жеңіс бекер емес, ол сіздердің жас мемлекеттеріңіздің халықаралық мәртебесінің, ел басқарудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлінің бір көрінісі. Астанада ЭКСПО-ны сәтті өткізу Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға, сіздердің экономика мен инновацияларыңызды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика