Парламент

Сенат бюросы заң жобаларын комитеттер бойынша бөлді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюросы Палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Мәжіліс тарапынан мақұлданған заң жобаларын комитеттер арасында бөлді, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Казахстан30 Желтоксан , 10:58

«Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Әуе кемесін алу жайлы ақпарат алған кезде ТМД елдерінің әуе-қорғаныс күштерінің бірігіп қорғануы бойынша кезекшілікті ұйымдастыру келісімін ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Сонымен қатар, осы комитетке Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына әскери нысандар инфрақұрылымын орналастыру туралы Хаттаманы ратификациялау бойынша құжат тапсырылды», - делінген хабарламада.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау комитетіне жол қозғалысы мен осы заңнамаға қатысты мәселелерді қарау тапсырылды.

Ал екінші деңгейлі банктерді қайта ұйымдастыру мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қаржы және бюджет комитетінің мойнына жүктелді.




Яндекс.Метрика