Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

«ҚазАгро» холдингі АӨК дамытуға 7 млрд теңге бөледі

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Агроөнеркәсіптік кешенді сауықтыру үшін «Астана-финанс» Банкі» АҚ қаржы институтына 5 млрд теңге транш бөлді, деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.
Казахстан30 Желтоксан , 14:04

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында және республиканың агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін қаржылық сауықтыру мақсатында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі «Астана-финанс» Банкі» АҚ қаржы институтына 5 млрд теңге транш бөлді. Жалпы, екі ұйым арасындағы қарыз алу туралы келісім «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан 7 млрд теңгелік қаржы бөлінді», - делінген хабарламада.

2 млрд теңге көлеміндегі екінші транш аударымы жыл соңына дейін іске асырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шаралары аясында қаржы институттарынан өтініш қабылдануда.

Қаржылық сауықтыру процедурасында бірқатар шаралар қарастырылған. Олардың арасында жылына 7 пайыздық субсидиялау есебінен қаржы институттарына АӨК міндетті субъектілері бойынша төлемді азайту, 9 жылға дейінгі несие уақытын ұзарту, мойындағы қарызды жеңілдетіп төлеу шаралары бар.

«Астана-финанс» ұлттық холдингінен басқа болашақта қаржыландыру көлемін көбейту мүмкіндігімен 800 млн теңге көлеміндегі екінші деңгейлі банктермен қарыз алу туралы келісім түзілді.

Сонымен қатар, қаржылық сауықтыру аясында 1 млрд теңге көлемінде «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-ның үлескер компаниясын қаржыландыру қарастырылған.




Яндекс.Метрика