Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ОҚО-да 65,5% инвестиция өнеркәсіпке бағытталған

2017 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп саласына салынған инвестициялар 90192,7 млн. теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 171,7% құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Оңтүстік Қазақстан01 Тамыз , 19:31

Оның облыс бойынша инвестицияның жалпы көлемінің үлес салмағы 49,9% құрады. Ағымдағы кезеңде өнеркәсіп саласы бойынша 11139,6 млн. теңгеге жаңа негізгі құралдар іске қосылды.

 Өнеркәсіп саласының ішінде едәуір бөлігі 65,5% немесе 59051,1 млн. теңгесі - өңдеу өнеркәсібі, 13,6% немесе 12229,8 млн. теңгесі - электірмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау салаларына тиесілі.

Инвестициялық салымдардың негізгі бөлігі (30,8%) кәсіпорындардың өз қаржысы есебінен жүргізілді,  (14,2%) бюджеттік қаражат есебінен, қалған (55%) бөлігі банктердің кредиттері  және басқа да қарыз қаражаты есебіне тиесілі.




Яндекс.Метрика