Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

«Қазақстан-2050» Стратегиясы «Нұр Отанның» қолдауының арқасында мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы мүмкін - саясаттанушы

Армениядан келген саясаттанушы, «Интеграция және даму» қоғамдық ұйымының директоры Арам ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойған міндеттері мерзімінен бұрын, яғни 2050 жылға дейін жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтады, деп «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Желтоксан , 13:01

 «Мен Қазақстанда жиі боламын, сондықтан сіздердің елдеріңіздегі жақсы өзгерістерді байқап жүрмін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында, халықтың тұрмыс деңгейі артып, табиғат байлықтары тиімді пайдаланылып, экономика қарқынды дамуда. Сонымен қатар, Қазақстан аймақта және әлемдік саяси аренада маңызды роль атқарады. Осының барлығы Қазақстанның  20-30 жылдан соң әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына  енуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындалатынына еш шүбәм келтірмеймін. Сонау, 1997 жылы 2030-Стратегиясын қабылдаған кезеңде экономика үшін тәуекел туралы сыни ескертулердің айтылғанын еске түсірейікші. Алайда, Президент бастамаларының бәрі сәтті болғанын уақыт көрсетіп берді», – деп атап өтті Арам Сафарян.

Сондай-ақ, саясаттанушы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мерзімінен бұрын жүзеге асуына «Нұр Отанның» саяси Доктринасы маңызды роль атқарады деп санайды.

«Доктрина – партияның Президент Стратегиясына берген жауабы іспеттес. Яғни, құжатта 2050-Стратегиясын жүзеге асыруда қоғам алдындағы нақты міндеттер белгіленген. Сондай-ақ, Доктринада жоғары құндылықтар, идеялар мен ойлар айқын көрсетілген. Бұл елдің дамуы үшін өте маңызды», – деп атап көрсетті Арам Сафарян.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика