Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Терентьевтер әулеті – энергетиктер әулеті

Терентьевтер отбасылық династициясы 130 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Павлодар22 Желтоксан , 12:47

Бүгінде «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ құрамына кіретін Ақсу электр станциясында Терентьевтер әулетінің алты бірдей өкілі еңбек етеді: әулет басшысы Виктор (пайдалану жөніндегі аға инспектор) және оның ұлы Александр, Виктордың інісі Александр (электр слесары), оның әйелі Галина (оттегі станциясының аппаратшысы) және келіні Марина (электр дәнекерлеуші).

«Біздің отбасы Ақсуға 1958 жылы көшіп келген. Әке-шешеміз тіпті станцияның құрылысын салуға қатысқан екен. Содан кейін әкем Иван Васильевич басқа жұмысқа ауысады да, анам Анна Нестеровна зейнеткерлікке шыққанға дейін осында еңбек еткен. Менің жұбайым да қырық жыл өмірін осы станцияға арнады. Қазір зейнеткерлік демалыста. Келесі жылдың 2 қаңтарында менің де мұнда жұмыс істеп жатқаныма 40 жыл толады екен», - дейді В. Терентьев. 

Оның ұлдары Александр мен Евгений де өмірін энергетикамен байланыстырды. «Мұнда таң қалатын ештеңе жоқ, «алдыңғы доңғалақ қайда жүрсе, соңғысы сонда барады емес пе?» дейді әкелері Виктор. 

«Станцияда жұмыс істеу өте қызықты. Қазір жоспар бойынша энергоблоктарды кезең-кезеңімен қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс ауқымы кең әрі теңдессіз деуге болады. Қайта құрылымдау станцияның жұмысын ілгері бастырады. Жаңа жабдықтар орнатылады. Егер бұрын энергоблоктар кілттермен басқарылса, бүгінде оның бәрі компьютерлендірілген. Ал осы жұмысқа өзің кріскен кезде жаның рахаттанады», - деп пікір бөлісі інісі Александр. 

Терентьевтер отбасы жұмыс істеуді ғана емес, қалай демалуды да жақсы біледі. Үлкен тату отбасы мерекелер мен туған күндерді лайықты деңгейде атап өтеді. Ағайынды Виктор мен Александр балық аулауға әуес. Қазір Терентьевтер отбасының жаңа буыны өсіп келеді. Олар да болашақта энергетик мамандығын таңдап жатса, ешкім таңқала қоймас. Өйткені ата кәсіптің балаға мұра болып қалуы өмірде жиі кездесіп жататын құбылыс.

 

 

 




Яндекс.Метрика