Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

Батыс Қазақстан облысында инсульт орталығы пайдалануға берілді

Оралда 30 керуеттік инсульт орталығы ашылды. Жүрек-қан тамырлары ауруларын сапалы және жедел емдеуде орталықтың маңызы зор, деп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан30 Желтоксан , 12:21

« Бөлімше 2 терапия корпусының бірінші қабатында тәулік бойғы тәртіпте жұмыс істейтін болады. Орталықта компьютерлік томографияға, функционалдық диагностикаға, рентген, УДЗ және зертхана қызметіне жедел қол жеткізу қарастырылған. Орталық құрылымда қарқынды терапия  палатасы, инсульттік бұзылулармен сырқаттанатындарды ерте және біртіндеп қалпына келтіру бөлімшесі енеді», - делінген хабарламада.

Ми қанайналымы бұзылуларымен сырқаттанатындарға шұғыл медициналық көмек көрсету маршруты және іс- әрекеттер алгоритмі әзірленген.

Дәрігер невропатологтар, нейрохирургтар, зертханашылар, рентгенологтар және басқа да мамандардың қызмет көрсетулерімен тәулік бойғы пост енгізілген.  

Бүгінгі таңда инсульт орталығының медицина мамандары, атап айтқанда: невропатолог, реаниматолог, нейрохирург, терапевт, дәрігер реабилитолог, компьютерлік томография, УДЗ дәрігері және орта медицина  мамандары  инсульт науқастарын емдеудің  алдыңғы қатарлы клиникаларында елімізде (Астана) және Ресей мен Татарстанда (Қазан) емдеудің заманауи тәсілдері  бойынша оқытылды.

Науқастардың бірінші кезекте өмірлерін сақтау, ағзаның жарамсызданған функцияларын қалпына келтіруге және мүгедектікті төмендеткенге дейін күтем және кезең-кезеңмен  қалпына келтіру  жаңадан ашылған орталықтағы маңызды фактор болмақ.

 

 




Яндекс.Метрика