Электронды денсаулық сақтаудың басты элементі – әр адамның денсаулығы жайлы ақпарат

Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Мемлекет басшысының «электронды медицина», «смарт-медицина» және қашықтықтан алдын алу мен емдеу қызметтерін енгізу тапсырмасының іске асырылу барысымен таныстырды.
Астана қаласы30 Желтоксан , 11:42

«Бүгінгі таңда телемидицина Қазақстанның 14 облысына да енгізілді. Олар Астана мен Алматы қалаларында. Республикалық клиникаларға керекті қондырғылар облыстық және аудандық қарым-қатынастарды жүзеге асыруға септігін тигізеді.2013 жылдың 9 айы бойынша, 12, 7 789 телемидициналық консультация мен 3,3 мың бейнебайқау конференция сеансы жүргізілді», - дейді еліміздің бас дәрігері.

Оның айтуынша, 2013 жылдың сәуір айында Үкімет 2013-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын мақұлдады. Орталық элементке әрбір адамның өмірі туралы ақпарат айналуы тиіс.Электронды денсаулық паспорт кабинетін құру арқылы әрбір тұтынушы өз денсаулығы жайылы ақпаратқа ие бола алады.

Электронды құжат негізінде пациенттің жеке кабинетін құру жоспарлануда. Ол жерде әркім өзінің денсаулығы жайлы ақпарат алады, дәрігердің айтқан мәліметтерін оқи алады, скринингтен өтеді және алдын алу жұмыстарына қатысады.

«Денсаулық сақтаудың электронды қызметін көрсету шаралары электронды үкімет арқылы жүргізіледі. Дәрігер қарауына жазылу, үйге дәрігер шақыру мен өзге де қызметтерін түрінің қанатқақты жобасы шығарылды», - дейді министр.

Министрдің айтуынша, 2013 жылдың 9 айы бойынша халықтың медициналық көмек көрсетуге қанағаттануы 82 пайыздан 89,3 пайызға өскен.

 




Яндекс.Метрика