Ұлттың денсаулығы

Денсаулық сақтау министрі алматылықтарға ұлттық дәрілік саясатты жүзеге асыру туралы айтып берді

Алматыдағы ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұлттық дәрілік саясатты жүзеге асыру мәселелерін талқылауға қатысты қауымдастықпен кездесуі өтті.
Алматы қаласы 29 Шілде, 15:43

Кездесуге Ұлттық орталықтың сарапшылары, фармацевтикалық және медициналық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

ҚР ДСМ хабарлағандай, талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі дәрілік заттар бағасын қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу болды. Министр түсіндіргендей, тиісті заң жобасын ағымдағы жылдың күзінде ҚР Парламентінің қарауына енгізу жоспарланады.

«Заң жобасының тұжырымдамасы қазірдің өзінде Әділет министрлігінің ведомствоға қарасты комиссиясының деңгейінде мақұлданды. Қазір ескертулер мен ұсыныстарды мұқият зерттеп және талдап, заң жобасын егжей-тегжейлі талқылау жұмысы басталады, - деп нақтылады министр.

Баға қалыптастыру мәселелерін талқылау аясында «Қазақстан Республикасында тұрғын халықты дәрілермен қамтамасыз ету және фармацевтикалық саланы дамыту жағдайы және келешегі» таныстыру баяндамасымен ҚР ДСМ ДЗСҰО бас директорының орынбасары Ақмарал Қабденова сөз сөйледі.

«Ағымдағы жағдай бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында дәрілік препараттардың жеке адамдарға қолжетімді болуы мәселесі шешілгенін – жұмыс істеп тұрған дәріханалар санының көбейіп, 8 мыңға жуық аталымның тіркелгенін айғақтайды. Күн тәртібінде біз шешуге тиісті осы дәрілік препараттардың экономикалық қолжетімділігі мәселесі тұр», - деп мәлімдеді ол. 





Яндекс.Метрика