EXPO-2017

Парагвайдағы электрэнергияның 99,6%-ы гидроэлектрстанцияларымен өндіріледі

Парагвай әлем бойынша таза жаңартылған энергияны өндіретін және экспорттайтын мемлекет. Елдегі электрэнергияның 99,6%-ы Итаипу, Якирета мен Акарай гидроэлектрстанцияларымен өндіріледі. Бұл туралы Парагвай Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Оскар Кабельо ЭКСПО аумағындағы Парагвай Республикасының Ұлттық күнін атап өту барысында хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 15:07

ПР сыртқы істер министрінің орныбасары Оскар Кабельоның айтуынша, Латын Америкада жаңартылған энергия көздерін дамыту процесі жедел жүруде және ЭКСПО-2017 көрмесі Парагвайдың аталмыш саладағы жетістіктерін әлемнің өзге елдеріне таныстыруға мүмкіндік береді.

Атап өтер болсақ, соңғы он жылда көршілес елдерімен салыстырғанда парагвайлық экономика орташа есеппен 5%-ға көтерілді. Өнімділігі жоғары және заманауи ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығымен бірге бинарлық гидроэлектрстанциясы арқылы электрэнергиясы жетекші экономикалық қызмет болып саналады және ол 2015 жылы парагвайдың барлық экспортының 60%-нан астам бөлігін құрады. 




Яндекс.Метрика