Халықаралық интеграция

Шетелдік қонақтар Алматы туралы: түрлі салада ынтымақтастық орнатқымыз келеді

Тау туризмін дамытуға арналған форумда шетелдік сарапшылар Алматы туралы пікірін білдіріп, түрлі салада ынтымақтастық орнатқылары келетінін жеткізді.
Алматы қаласы29 Шілде , 13:01

Халықаралық форумға әлемнің 10 елінен, сонывң ішінде Испаниядан, Германиядан, Грузиядан,Ресейден,Украинадан, Қытайдан, Австриядан және басқаларынан спикерлер қатысты. 

«Сіздердің әсем тауларыңызды көріп және орасан әлеуетті сезініп, тау туризмін дамыту саласында Алматының қабілеті өте жоғары екенін байқадық, осылайша бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде идея туындады. Мысалы, біз өзіміздің тау курорттарымызда билеттер сатқанда «Шымбұлаққа» тегін бару мүмкіндігін немесе керісінше Алматыдан бізге келгенде де қолайлы жағдайларды жасауды қарастырамыз. Соның арқасында турситерді көп тартуға болады.Табиғи құндылық, биіктік пен таулардың қалаға жақындығы қызықтырады. Мұндағы тамаша курорттар қала экономикасын жаңа деңгейге көтереді, өмір сүру деңгейін арттырып, туризм саласындағы бизнесті одан әрі дамытуға жаңа серпіліс береді», - деп атап өтті А. Онопришвили.

Санкт-Петербург фристайл Федерациясының вице- президенті Виктор Тимаков тау туризмін дамытуда Алматының орталық Азиядағы ең тұрақты қала екендігін атап өтті.

«Халықтың 10%-ы – маусым барысында бес рет 200 мың адамнан курортқа келсе, бұл миллион! Ал, бұл Қазақстанның өзге өңірлерін есептемегенде, алматылық агломерация тұрғындары ғана. Мұндай ұтымды алғышарт тіпті әлемде де жоқ. Сіздердің тауларыңыз қанша көлемді алып жатыр? Бұл бір миллион пайызға жуық. Мен туризмді дамыту ісін көпшілікке кеңінен насихаттау қажет екенін атап өткім келеді, соның арқасында қала экономикасы да артып, жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Ресей спортшылары мұнда келе ме? Әрине, қуана келеді. Мен өзім сіздердің қалаңызда алғаш болуым, «Шымбұлақ», туралы естігенмін, достарым осында таушаңғысымен сырғанаған. Мен сіздердің тауларыңызға ғашықпын», - деді В.Тимаков.

Автриядан келген Warth тау шаңғысы куорты мен Warth Holding GmbH туристік басқармасының бас директоры Гюнтер Оберхаузер тау курортын жедел дамытудағы басты факторлардың бірі - Алматының ірі мегаполис болуы екенін атап өтті.

Оның бұл ойын PGI Management бас директоры Джоан Виладома да кұптады.

«Андорра - әлемнің ең кіші 9 елінің бірі. Ал Қазақстан - әлемнің ірі 9 елінің бірі» деп атап өтті. Ол Индиядан туристер тартуды ұсынды.«Біз Алматыда индустардың көп екенін байқадық. Олар тау шаңғысы спортын ұнатады. Тау курорты Алматыдан 3,5 сағат қана қашықтықта. Менің берер кеңесім, бұған да назар аударған жөн!», - деді ол. 




Яндекс.Метрика