Өңірлер

Алматыда шетелдік қонақтар саны 24%-ға артты

Алматыда шетелдік қонақтар саны 24%-ға артты, бұл туралы В Алматы выросло число зарубежных гостей больше на 24%, Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайын өтетін «International Mountain Sports Festival» фестивалі аясында халықаралық форумында белгілі болды.
Алматы қаласы29 Шілде , 12:33

Отандық және халықаралық мамандар әлемдік тау шаңғысы туризмінің жаһандық нарығы, Алматыдағы орны және туристік саланың қала экономикасына ықпалы мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев шетелдің қонақтардың артқанын атап өтті.

«2017 жылдың бірінші тоқсанында мегаполиске сырттан 200 мыңнан астам адамның келгенін, өткен жылмен салыстырғанда қонақтар санының 18%-ға артқанын, соның ішінде 24%-дан көбі шетелдік меймандар екенін айтты. Қонақүйлерде көрсетілетін қызмет түрі 18%-ға ұлғайып, 20 млрд. теңгені құраған. Қалада медициналық, спорттық, оқиғалық, мәдени- танымдық, экологиялық, іскерлік, гастрономиялық, шопингтік туризм түрлері дамып келеді. Тау туризміне айрықша назар аударылуда», - деді әкімнің орынбасары. 

Алматы өзінің табиғи-географиялық, геополиткалық ерекшелігіне орай әлемдік тау туризмнің дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Мысалы, таяуда жарияланған Worldwide Costof Living рейтингте Алматының өмір сүру мен жұмыс істеу үшін барынша жайлы әрі арзан қала екендігі айтылған.

Әкімдіктің мәліметі бойынша қазіргі кезде қалада 166 мейманхана, хостелдер, кемпингтер, 2 мыңнан астам кафелер, мейрамханалар, 19 театр, 20 мұражай, 14 көркем галереялар мен көрмелер жұмыс істейді. 569 туристік ұйым өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.Мысалы, 2016 жылы республика бойынша шетелге 9 млн. адам шықса, соның 3 миллионға жуығы алматылықтар. 




Яндекс.Метрика