ҚР Президентінің Жолдауы

Сарапшы пікірі: Кооперативтерге қызығушылықтар бойынша біріктіру қажет

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы қызметін көрсететін кооперативтерді ӘКК түрінд құруды «ресми түрде жедел кооперация құру» деп бір ауыз сөзбен сыпаттауға болады. Сараптама көрсетіп отырғандай елімізде кооперативті принціптер толыққанды жүзеге асырылып жатпағанын көрсетеді, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі лайықты деңгейде бағаланып жатқан жоқ. Қазақстанда дұрыс ауыл шаруашылығы кооперативін құру үшін оған енетін қожалықтарды қызметіне, проблемаларына қарай біріктіру керек. Бұл туралы Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында «Атаменкен»ҚР ҰКП Агроқызмет орталығының «сүтті мал шарашылығы» мен «асыл тұқымды репродукторлар» бағыты бойынша сарапшысы Анас Баққожаев хабарлады.
Астана қаласы29 Шілде , 12:07

Ауыл шаруашылығы кооперациясы – бұл өздерінің түрлі экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған түрлі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жүйесі мен олардың одақтары. Бүгінде кооперацияның өсіміне қарамастан елімізде азық-түлік қорын құруда ауыл шаруашылығы кооперациясының әлеуетін толыққанды пайдаланылып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибеде көрсетіп отырғандай, дамыған елдерде агробизнес саласында ауыл шаруашылығы кооперациясының  үлесі басым.

«Кооперативтер – бұл дұрыс, себебі біз мал басының азаюын көріп отырмыз. Жалпы өнімді өндіру, меншікті салмақ жыл санап азайып келеді, алайда аймақтардағы халықтың 40% сол аймақтарда қалып қояды, ал меншігінде жері бардың малы да бар және олар қандай жағдай болмасын нарықта негізгі ойыншылар болып қала береді. Сондықтанда мемлекет оны қолға алуы тиіс, ал оны қалай алатыны ол басқа мәселе. Бүгінде кооперативтерге кімдерді тарту керек? Аймақтарда бұл бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде, алайда қателіктер жоқ деп айта алмаймыз. Кооперативтер көптеп құрылды, алайда олардың құрамына кіретін шаруашылықтардың қызметі бір-бірімен мүлдем байланысты емес, оларда бір біріне ұқсас проблема жоқ, біріге алатын ұқсас ресурстары да жоқ. Мәселе осында», - деп пікірін білдірді А. Баққожаев.

Ауыл шаруашылығы кооперациясында не себепті қателіктер орын алып жатқанына байланысты сарапшы мысал келтіріп кетті.

«Мысалы, сіз сүтті мал шаруашылығымен айналысасыз делік, алайда сіздің егін шаруашылығыңыз бар. Табысыңыздың басым бөлігі егін шаруашылығынан келетін болғандықтан сіз сүтті мал шаруашылығын екінші орынға қоясыз, ал сіздің көршіңіздің  сиыры бар, ол мал басын арттыруға мүдделі. Ал, сіз үшін ол екінші орында болғандықтан сіздердің қалайша кооперативке біріктіруге болады? Болмайды. Сондықтанда мен әрқашан барлық семинарларда шаруашылықты біріктіретін ортақ мүдде болуы тиіс деп айтамын. Тойға келгендердің ортақ мүддесі қуанышты атап өту сияқты олардыңда ортақ ойы, мүддесі, проблемасы болуы шарт, сонда олар бір мақсатта бірлесіп жұмыс істейтін болады. Бұл бірінші қателік», - деді А. Баққожаев.

Оның пайымынша, идея керек, кооператив мүшелері үшін қызығушылық тудыру шарт.

«Екіншіден, мәселе кооперативтердің артықшылығына келіп тіреледі, салықтық жеңілдіктер бар, субсидия бар, алайда кооператив мүшелері үшін нақты бір артықшылықтар жоқ. Мысалы, сізге мал шарушалығында немесе егін шаруашылығында  коокператив ретінде сізге бірнәрсе беретін болса ол кем дегенде материалдық база қажеттілігінің 70%-ын жабуы тиіс.  Мәселен сүтті сіз бөшкеде сақтадыңыз делік, кейін мен сізге танкер беремін, енді сіқз сол сүтті бөшкеден танкерге құя саласыз болды. Ал, егер мен сізге жақсы инфрақұрылымы дамыған 200 басқа арналған ферма құруға мүмкіндік берсем, елестетіп көрелік: ауылда шаруашылықпен айналысқысы келетін 40 адам бар делік, олар инфрақұрылымы дамыған қожалықта мал басын көбейтумен емін еркін айналыса алады, олар өз малдарын күтіп қарап әуре болмайды, себебі инфрақұрылымы дамыған қожалықта барлығы ескерілген және де бұл шыныменде нәтиже береді», - деп мысал клетірді сарапшы.

Ол атап өткендей кішкентай ауылдарда да дәл осындай проблемалар бар және сие мәселесінде де қиындықтар жеткілікті.  

«Шағын ауылдардағы жағдайда дәл осындай, менің ойымша мемлекет осы бағытта қолдау көрсету құралдарын дамыту керек. Шаруалардан кепілдік талап етудің қажеті жоқ, олардың оған мүмкіндігі жоқ. Оларға салынған нысанды 15-20 жылға пайдалануға беру керек, сонда ғана біз үйде көбеймен тұрған мал басын дамытумен айналысамыз, оларды сақтап көбейтеміз, сонда өнімділік арта түседі», - деді А. Баққожаев.

Оның үстіне, сарапшының айтуынша халықтың кооператив құруға құлықсыздығының басты себебі оның артықшылықтарын білмеуде.

«Бізде Астанадағы  9-қабатты үйде ПИК жұмыс істейді, бұлда кооператив деуге болады, ол арнайы мақсатта құрылған. Бұл кооперативті екі жыл бойы ешкім басқармады, ал жалға алушы пайда болғаннан кейін біздің кооператив өзін өзі қайта құрып, басшылығы пайда болды және нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Себебі 450 шаршы метр ай сайын 500 мың теңге көлемінде пайда әкелетін болды, ол ақшаға шатырды жабуға, шлагбаумдарды жөндеуге және т.б. жасауға болады. Ал, біз не береміз? Ия, алға ілгерушілік бар, жақсы бағдарлама бар, алайда сүт қабылдау пункті не береді бізге деп ойланған жөн. Егер сол пункттерді ашу соншалықты табысты болса онда біздің зауыттардың өзі аймақтарды аралып сол пункттерді ашатын еді.  Алайда мәселе басқа да, не құрылып жатыр қандай баға беріледі? 80 теңге немесе 120 теңге? Кейбір тұрғындар бүгінде сүтті арнайы Астанаға келіп 200 теңгеге өткізеді. Бұл жақсы әрине, алайда тағы қайталап айтамын мүліктік қызығушылық тудыру керек және шаруаларды мүддесіне және проблемалары қарай біріктірген жөн», - деді А. Баққожаев.

Сонымен қатар, сарапшы 1000 ауылдық округте 1000 ферма деген бағдарламаны жасақтауды ұсынды.

«Гюгоның «байлардың жұмағы кедейлердің тозағынан жасалған»деген сөзі бар, біз ӘКК-ті осындай стильге ауыстырмауымыз керек. 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы маған қатты ұнайды, рас, ақшаның игерілмеген кездері болды, ақша басқа жерге кетті, алайда сол мектептер мен ауруханалар тұр және жұмыс істеуде. Дәл сол үлгіде  «ҚазАгро»АҚ, инвесторлар мен мемлекет қаражаты есебінен  1000 ауылдық округте 1000 ферма бағдарламасын жүзеге асыруға болады», - деп түйді сарапшы.

Атап өтер болсақ, қазіргі таңда аймақтарда 50 мыңнан астам жеке шаруашылықтарды біріктірген  500-ге  жуық кооператив құрылды. Олар сүт дайныдау, ірі қара өсіру, ет, көкөніс, омарташылық және өзгеде бағыттар бойынша жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлық өндірісіне 15 мыңнан астам жеке қожалық біріктірілген. 2016 жылы құрылған 157 ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мониторинг жүргізілді.  

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарындағы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»Қазақстан халқына жолдауында Үкімет пен әкімдерге «5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам үш шаруашылықтары мен шағын қожалықтарды кооперативтерге бірігуі үшін барлық жағдайды жасауды» тапсырды.

Қайрат Жандыбаев

Фото ашық дереккөзден




Яндекс.Метрика