АӨК - Қазақстан экономикасының драйвері

Әр ауыл тұрғыны кооперативті қалай құруға болатыны туралы тегін біле алады

Кез-келген ауыл тұрғыны ҚР АШМ тегін саII-орталығына хабарласып немесе fermers.kz сайтында кооперация мәселесімен бүгі шүгесіне дейін таныса алады, деп хабарлады ҚР АШМ АШКД кооперацияны насихаттау стратегиясы басқармасының басшысы Самат Қайырбеков Стратегияның пікірталас клубында.
Астана қаласы28 Шілде , 18:42

С. Қайырбеков атап өткендей,  ведомство жыл басынан бері барлық аймақтарда оқыту семинарларын өткізді, онда аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері оқытылды.

«Олар жергілікті тұрғындарға жеткізу мақсатында қалай ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы ақпарат алды. Арнайы жұмыс тобы құрылды, олардың құрамына ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар, менде еліміздің барлық аймақтарын, шалғайдағы елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында қалай кооператив құруға және мемлекеттік қолдау шараларын, жеңілдіктерін  иеленуге болатыны туралы жеткіздік», - деді басқарма басшысы. 

Сала маманы баса айтқандай, әр азаматқа кооперация туралы бүге шүгесіне дейін біліп алу үшін барынша жағдай жасалуда.

«Ауыл тұрғыны үшін бірегей мүмкіндік бар – жеке қожалығын құру. Бұл туралы әр тұрғын біледі. Бұдан басқа, кез келген азамат тегін саII-орталығына хабарласып қалай кооператив құруға болатыны туралы біле алады, тіпті fermers.kz сайтында кооперативті қалай құруға болатыны туралы барлық ақпарат бар, негізгі құжаттар және т.б.», - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана радиосында» Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының пікірталас клубы өтті.  Шараның тақырыбы 2015-2019 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналды. Сонымен, бұған дейін Самат Қайырбеков хабарлағандай, Елбасы халыққа Жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылығы, шағын фермерліктерді кооперативтерге біріктіруді тапсырған болатын. Бүгінде республикада ауылдық жерде тұрғындардың  47 пайызы тұрады. Оның ішінде бір жарым миллионы  өзін-өзі қамтығандар.  70-80 пайыз сүт пен ет  қосалқы шаруашылықтар есебінен өндіріледі. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика