Халықаралық интеграция

Астаналық бойжеткен Қытайдағы жұмысы мен өмірі туралы айтып берді (ФОТО)

Эксклюзив
Қазақстанның Қытайдағы ең ірі жобасының бірі Ляньюньган бірлескен порты, ол өз жұмысын 2014 жылдың 1 шілдесінде бастады. Қазақстаннан 6 қызметкер қызмет бабымен жіберілді. Солардың бірі Набира Жұмабекова, ол Ляньюньган қаласы портындағы «Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компания»ЖШҚ қаржы және экономикалық мәселелер бойынша департамент директорының орынбасары қызметін атқарады. Кейіпкеріміз «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген сұхбатында Қытайдағы қазақстандықтардың жұмысы мен өмірі туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Әлемде29 Шілде , 11:06

- Набира, өзіңіз туралы, Қытайға қалай келгеніңіз жайлы айтып берсеңіз?

- Мен Астана қаласынанмын. Қытаймен танысуым оқудан басталды, мен Шанхайдағы университетті тәмәмдадым. Сосын Қазақстанға қайта келдім, алайда мені Ляньюньган портының компаниясында жұмыс істеуге қайта Қытайға жіберді. Міне, осы жоба ашылған 3 жылдан бері мен осында жұмыс істеп, өмір сүріп келемін.

- Қытай біліміне қандай баға берер едіңіз?

- Шанхайлық білім өте жақсы дер едім.  Маған Шанхай қаласы қатты ұнайды, ол Ляньюньган портынан 5-6 сағат жерде. Сондықтанда жумыста іш пыспайды, достарыма жиі-жиі Шанхайға барып тұрамын. Жалпы, Ляньюньган портында жұмыс істеп жатқаныма қуаныштымын.

- Ал, Қазақстанды сағынасыз ба?

- Бізде директорлар кеңесі жиі өтіп тұрады. Өздеріңіз білетіндей құрғақ порттын 49% қазақстандық тарапқа, 51% қытайлық тарапқа тиесілі.  Сондықтанда екіжақты кездесулер Қазақстанда да, Қытайда да жиі-жиі өтіп тұрады. Сонымен қатар, біз қытайлар инвестиция құйсын деп қазақстандықтардың жобаларын жүзеге асыруға көмектесеміз, сағынуға уақыт жоқ.

- Қытай тілін меңгеру қиын болды ма?

- Қытай тілін ешқашан толығымен меңгере алмайсын. Егер, сен өзінің мамандығын бойынша еркін сөйлеп, жауап бере алсан өте жақсы жетістік. Бұдан басқа, біздің Қазақстандағы сияқты әр аймықтың өзінің диелактісі бар. Алайда халықтың басым бөлігі «Путунхуáда» сөйлейді, сондықтан қиындықтар туындай бермейді.

- Ляньюньганда қанша отандасымыз тұрады?

- Ляньюньганда Қазақстаннан келген 10 адам тұрады, оның 2 студент, 5 – компанияда және әріптесімнің отбасы.

- Қытайда қазақтың ұлттық тағамы бесбармақ пісіріле ме?

- Әрине, етті арнайы Қазақстаннан алып келеміз. Ол үшін Бейжің арқылы ұшу керек, Үрімші арқылы емес. Онда барлығын алып қояды Мен әр барған сайын 15 кг ет алып келемін. Түсініксіз жерден ет алғанша артық салмақ үшін төлеген абзал.

- Ал, қытай асханасына қандай баға берер едіңіз?

- Маған қатты ұнайды, өте ашшы, ашшы болған сайын дәмдірек. Тіпті, Қазақстанға келгенде, бір ай болғанда қытай асханасынан дәмтатқым келіп тұрады. Астанадағы көптеген мейрамханаларда болдым, алайда олардың дәмі мүлдем бөлек.

- «Бір белдеу, бір жол» жобасы туралы өз пікіріңізді білдірсеңіз, қандай мүмкіндіктер бар, қазақ-қытай қарым-қатынасы өзгерді ме?

- Біз тек жұмыс істеп қана қоймаймыз, сонымен қатар үлкен кездесулерге барамыз. Менің білуімше қытайлықтар «Бір белдеу, бір жол» жобасына барынша күш салуда, ҚХР барлық жеке тұлғаларға олардың қайдан келгеніне қарамастан қаржылай көмектесуге дайын. «Жібек жолы» мен «Бір белдеу, бір жол» жобалары бірдей жүзеге асырылып келе жатыр, алайда Қазақстанға басымдылық берілген. Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың арасында достық қарым-қатынас болғаны қуантады. «Бір белдеу, бір жол» ол «Қазақстан 2050» стратегиясы сияқты, бұл тұрғысында даму бар. Менің қытайлықтармен жұмыс істегеніме біраз болды, алайда олардың бізді жаулап алғысы келетіні туралы ешқандай пиғылын байқамадым. Сондықтан қорқудың еш қажеті жоқ.

- Сіз білім алған кезде қытайлар қазақтар туралы не білді және қытайлықтардың қазақстандықтарға деген көзқарасы қандай?

- Қазақстанға деген көз қарасы дұрыс деп ойлаймын. Мен көбіне шетелдіктермен білім алдым, ал қытайлықтар әр жерде әр түрлі. Мәселен, Шанхайда шетелдіктер өте көп және сол жердегі тұрғылықты қытайларға бәрібір. Ал, мұнда қала кішкентай, сондықтан болар олар бізге мейірімділікпен, достық көзқараспен қарайды. Біз келген сәттен бастап бізге көмек көрсетіліп, бар жағдайымыз жасалды. Бастысы қазақтар қай жерде жұмыс істесе де, елдеріне қайта оралып, мемлекетінің игілігі үшін жұмыс істеуі шарт. Дұрыс, жас кезінде шетелде жүріп тәжірибе жинақта, сосын ел игілі үшін жұмыс істе. Менің ойымша мұндай жастар көп. Мен өзімнің жұмысыма байланысты көптеген ірі кездесулерде боламын, мысалы Ханжоу  қаласындағы G-20-ға қатыстым. Әр адам өз мемлекетін таныстырады, мен осындай кездесулерде өз отандастарымды көптеп кездестірдім және бұл мені қатты қуантады. Мен барлық жастарға өз болашақтары, мемлекетінің болашағы үшін биік белестерді бағындыруларына тілектеспін.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 7 ақпанында Қазақстан мен ҚХР басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзинь Пиннің қатысуымен жоба туралы, құрылысы туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Ляньюньган портының басшысы мен ҚТЖ-ның сол кездегі президенті Асқар Мамин қол қойды. Терминалдың жалпы ауданы 220 мың шаршы метр, оның негізінде бірлескен терминал құрылды. 2014 жылдың  19 мамырында телекөпір арқылы жоба іске қосылды. Жобаның бірінші кезегінің құны 606 млн юань.

Қайрат Жандыбаев

Фото автордан




Яндекс.Метрика