EXPO-2017

ЭКСПО-2017: Румынияның Ұлттық күні

Румынияның Ұлттық күніне арналған мерекелік шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде өтті.
Астана қаласы28 Шілде , 19:53

Өз сөзінде, Румынияның сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану атап өткендей,  ЭКСПО-2017 адамзат қоғамының қолжеткізген технологиялық даму деңгейін көрсетеді.

«Мен, ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» шағын және орта бизнесті қоса алғанда экономикалық субъектілердің басым бөлігін біріктіру және экономиканы әртараптандыру тұрғысында  біздің жалпыэкономикалық ынтымақтастығымызда жаңа сапа деңгейінің бастамасы болатынына сенімдімін», - деп түйді Теодор Мелешкану.

Осы ретте, ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ЭКСПО-2017 тақырыбы мен Румынияның көрмеге қатысуын маңызды екенін атап өтті.

«Румыния көрмеге өте терең тұжырымдама ұсынды  - жарық энергиясы. Бүгін баршамыздың осы елдің бірегей мәдениетімен, бай тарихымен және мәдениетімен етене танысуға мүмкіндігіміз бар», - деп атап өтті Д. Абаев.

Дәл осы күні өзінің өнерімен дарынды да, талантты флейтаның королі, суретші, ақын, Франция, Бельгия мен Люксембургтің рыцарі - Георге Замфир қонақтарды таңқалдырды. Оның әлем сахналарында шығармаларды орындап жүргеніне 50 жылдан астам уақыт өткен.

Сондай-ақ ұлттық сахнада Румынияның «Дакия» мәдени қауымдастығының әртістері халық биін орындады.

Мәдени бағдарламадан кейін ресми делегация Румыния павильоны бойынша экскурсия өткізді.

Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы Қазақстан мен Румыния дипломатиялық қарым-қатынастың 25-жылдығын атап өтуде.

Фото Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика