АӨК - Қазақстан экономикасының драйвері

Қазақстанның барлық аймақтары мал шаруашылығы өнімін экспорттай алады – сарапшы

Қазақстанның барлық 14 облысы мал шаруашылығы өнімін шетелдерге экспорттай алады, бұл туралы ҚР АШМ халықаралық интеграция департаменті директорының міндетін атқарушы Ұлболсын Сарыбаева Стратегияның пікірталас клубында хабарлады.
Астана қаласы 28 Шілде, 18:03

Ұлболсын Сарыбаева өз сөзін ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымы қайта қаралып, Халықаралық интеграция департаментінің экспорттық саясат басқармасы құрылғанынан бастады. Егер қайта құру жұмыстарына дейін экспортқа бірден бірнеше департамент жауап берсе, ендігі кезекте оның жұмысын мақсатты түрде бір басқарма бақылап, жүргізеді. 

«Бұдан басқа, азық-түлік корпорациясы негізінде экспорттық орталық құрылуда, ол ауыл шаруашылығы өнімін насихаттаумен айналысады, оның үстіне бізде сыртқы нарықтарға шығару бойынша мақсатты бағыттағы саясат жүргізіледі. Жалпы, қайта өңделген өнімге басымдылық берілген», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, АӨК өнімін экспорттау көлемі арттып барады, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында өсім 4% көрсетті, бұл дегеніңіз 880 млн долл.  

«Экспорт пен импорт арасындағы салльдо әзірше теріс, алайда, осы ретте Қазақстанда өсірілмейтін өнімдер ғана импортталатынын атап өткім келеді. Бұл банан, апельсин сияқты өнімдер, яғни климаттық жағдайларға байланысты елімізде өсірілмейтін өнімдер. 2016 жыл қорытындылары бойынша сальдо 1 млрд долл құрады», - деді Ұлболсын Сарыбаева.

Сарапшы атап өткендей, қазір экспортты ұлғайтып, импортты азайту міндеті қойылып отыр.

«Біз жаңа нарықтар ашып отырмыз. Қытайдың ауыл шаруашылығы министрі біздің министр Асқар Мырзахметовпен кездескен болатын, форум барысында Қазақстанның жұмысы, еліміздің әлеуеті көрсетілді», - деді ол.

Қытай Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға ниетті. Бұдан бөлек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы құрамына екі елдің бизнес өкілдері кірді, бұл 100-ден астам адам, 7 құжатқа қол қойылды. Соның ішінде Қытайға ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу туралы құжатқа қол қойылды. Бұл форумның жақсы көрсеткіші. Сонымен қатар, кедергілерді жою туралы келісушілікке қол жеткізілді.

«Біз 2017 жылдан бастап барлық облыстар бойынша аусылдан еркін аймақ мәртебесіне ие болдық, бұл бізге мал шаруашылығы өнімін экспорттауға мүмкіндік береді», - деп қосты департамент директорының міндетін атқарушы.

Гүлтай Хасенова

Фото Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика