Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

«G-Global» қолдауымен кубалық сюрреалист Агустин Фернандестің көрмесі өтеді

2014 жылдың 25 қаңтары мен 16 наурызы аралығында Вашингтондағы Америка Университетінің Мұражайында «AgustinFernandez. Ultimatesurrealist» атты кубадан шыққан атақты америкалық сюрреалист Агустин Фернандестің көрмесі өтеді. «AugustinFernandezFoundation» қоры тарапынан ұйымдастырылған аталмыш көрме халықаралық G-Global жобасының қолдауымен және қамқорлығымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды халықаралық жобаның баспасөз қызметі.
Әлемде30 Желтоксан , 10:22

«Көрме аясында көрермендер шығармашылық иесінің қалыптасу кезеңі мен шеберліктің шыңына шыққанға дейінгі барлық туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар, 2014 жылдың 25 қаңтарында көпшілік қауым көрме кураторы Дональд Каспетпен пікір алмаса алады», - делінген хабарламада.

Қосымша: Агустин Фернандес (Agustin Fernandez)– америкалық суретші, кубадан шыққан сюрреалист. 1928 жылдың 16 сәуірінде Гаванада дүниеге келіп, 2006 жылдың 2 маусымында Нью-Йоркте дүние салды. Фернандес өз заманының алдыңғы қатарлы қылқалам шебері ретінде тарихта  қалды. Оның жұмысы халықаралық дәрежеде баға алып, көптеп талқыланатын туындылардың біріне айналған. Бүгінгі таңда оның қолынан шыққан дүниелер бірқатар мемлекеттер мен жекелеген адамдардың да қолында сақтаулы.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика