Парламент

Қазақстан-Франция қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді – С.Громов

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Франция Сенатының депутаты, француз Сенатындағы «Франция-Орталық Азия» достық тобының жетекшісі Ив Поццо ди Боргомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Шілде, 20:44

Әңгіме барысында Сенат Төрағасының орынбасары С.Громов Астана мен Париж ынтымақтастығының жоғары деңгейі және оның көптұрпатты екенін атап өтті.

«Дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылда бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан-Франция қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Біздің Франциямен белсенді саяси қатынастарымыз екі елдің іскерлер қауымдары арасында қалыптасқан берік экономикалық байланыстармен нығая түсті», - деп атап өтті С.Громов.

Қазақстан мен Францияның парламентшілерінің парламентаралық үнқатысулары да жүздесушілердің оң бағасына ие болды. Кездесу барысында Қазақстан экономикасын әртараптандыру және біздің елімізде ғылыми әлеуеті зор, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі ірі жобаларды іске асыруға француз бизнесінің қатысуына қатысты пікір алмасылды.

 С.Громов француз бизнес қауымдастығын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі негізінде ашылатын БҰҰ аясындағы Жасыл технологиялар мен инвестициялар орталығының, Жаңа технологиялар паркінің, Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысуға шақырды.

Кездесу соңында С.Громов француз делегациясын жыл басында біздің елімізде жүзеге асқан конституциялық реформалар мен Президент НұрсұлтанНазарбаевтың Қазақстанды одан әрі жаңғырту жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Ұлт жоспарында көзделген міндеттер туралы хабардар етті.
 





Яндекс.Метрика