Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық кәсіпкерлер ресейлік нарыққа тауарларын тегін шығара алады

Қазақстандық өндірушілер өз тауарларын ресейлік сауда алаңдарына шығара алады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев III «Ұлы дала елі» форумында мәлімдеді.
Астана қаласы28 Шілде , 13:51

« «Бір белдеу, бір жол»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда ірі мүмкіндіктер пайда болады. Аталмыш бағдарлама  ҚХР нарығына жол ашады, ал оның жанында Ресейдің ірі нарығы бар.Бүгін біздің форумда үздік 350 қазақстандық өндірушілердің тауарлары таныстырылады, олар өңірлер бойынша байқау арқылы таңдалды. Бүгінгі форумның ерекшелігі біз Ресей Федерациясының  сауда желілерін шақырдық», - деді Нұржан Әлтаев.

Атап айтсақ, көрмеде «Jumore»  электрондық сауда алаңы таныстырылды.

«Көрмеге  70 қазақстандық кәсіпорын өз тауарларын қойды. Жыл соңына дейін  1000-ға жуық  қазақстандық тауар  электрондық алаңға қойылады. Атап айтсақ, аталмыш  электрондық сауда алаңында 160-қа жуық ел сауда жасайды.  Компанияның айналымы жылына   200 млрд долларды құрайды», - деді ол.

Н.Әлтаевтың айтуынша, «Jumore» өкілдері үш күн бойы  қазақстандық өндірушілерге кеңес береді.

«Біз аталмыш компанияның  президентімен 2017 жылы қазақстандық кәсіпорындар аталмыш алаңға тегін тіркеліп, қатыса алады», - деді ол.

«Даму» қорының басшысы Абай Сарқұлов айтып өткендей, бүгінгі таңда Қор  3300 кәсіпорынды оқытып, 257 мың кәсіпкерді қызмет көрсету орталықтарында кеңес берді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика