Инфрақұрылымды дамыту

2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Астанада 2014 жылы 3 жерасты өткелі салынбақ. Бұл туралы елордалық әкімдік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Астана қаласы30 Желтоксан , 10:53

«Аталған жерасты өткелдері Республика даңғылында, Б.Момышұлы даңғылында (Оқушылар сарайының жанында) және Сығанақ көшесінің бойында орналасады», - делінген хабарламада.

«Қала бойынша 25 жерасты өткелін салу қажет, биыл Хан Шатырдағы жоба іске асты, қозғалысты жаппай-ақ, 5 жерасты өткелінің құрылысы қолға алынбақ. Өздеріңіз білетіндей, біздің көшелер өте тар, инженерлік желілер көп, сондықтан қазіргі уақытта қозғалысты жабудың жаңа технологиялары әзірленуде. Келер жылы қаржыландыру болса, тағы да 3 жерасты өткелі пайда болады», - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

 

 

 




Яндекс.Метрика