Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Кәсіпкерлерді кепілдендіру бойынша 3 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді (ФОТО)

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлерді кепілдендіру бойынша 3 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Бұл туралы «Ұлы Дала елі» атты ІІІ отандық тауар өндірушілер форумы барысында «Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұлов мәлімдеді.
Астана қаласы 28 Шілде, 13:30

Төраға атап өткендей, соңғы екі жыл ішінде «Қазақстанда жасалған» көрмесі халық пен бизнес тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.

Биылғы жылы «Даму» қоры «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» отандық тауар өндірушілердің кезекті үшінші форумын өткізуде.

«Біз қандай қолдау құралдарын ұсынамыз? Кәсіпкерлерді банктер алдында кепілдендіру де танымал құрал болып табылады және оның танымалдылығы жыл сайын өсіп келеді. Бүгінгі күні 3 мың жоба қолдау тапты. Несиелер сомасы 104 млрд теңгені құрады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 7 пайыздан 10 пайызға дейін», - деді Абай Сарқұлов.

Төрағаның хабарлауы бойынша, екінші деңгейлі банктерде және микроқаржы ұйымдарында бизнесті жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша несиелендіру 6% мөлшерінде белгіленген.

«Бүгінгі күні 31 мың жобаға қолдау көрсетілді, несиелердің сомасы 1 трлн 506 млрд теңгені құрады», - деп қосты ол.

Сондай-ақ, банк секторы саласында 9,7 мың жобаға қолдау көрсетілді.

«Бүгінде банк секторында белгілі бір турбуленттілік орын алуда. Бұл қолдау құралы да біздің кәсіпкерлеріміздің арасында анағұрлым танымал. 9,7 мың жоба қолдау тапты, несие сомасы 1 трлн 811 млрд теңге», - деді А.Сарқұлов.

Сондай-ақ, қаржылық емес қолдау да бар, бұл қордың оқыту бағдарламалары.

«Бүгінгі күні жаңадан бастаған 3300 кәсіпкер оқытылды, біздің қызмет көрсету орталықтарымызда 257 мыңға жуық кәсіпкерге консультация жүргізілді», - деп түйіндеді Қор басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін «Ұлы Дала елі» атты ІІІ отандық тауар өндірушілер форумы өтуде. Мұнда шағын және орта бизнестің 350-ден астам кәсіпорны қатысуда.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер форумы аясында 28-30 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары тауарының және «Қазақстанда жасалған» көрмесінің 206 компаниясы өндірісінің республикалық байқау-көрмесі өтеді.

Ақбота Күзекбай

Фото Абзал Қалиев 





Яндекс.Метрика