Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Ұлы Дала елі» форумы бизнес қауымдастықты Президент идеясына жұмылдырады (ФОТО)

«Ұлы Дала елі» форумы бизнес қауымдастықты Президент идеясына жұмылдыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Көрме» отандық көрме орталығында өз жұмысын бастаған отандық тауар өндірушілер форумының басты ұйымдастырушылары хабарлады.
Астана қаласы 28 Шілде, 13:04

Шараны ашқан ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі  Роман Скляр үшінші рет өткізіліп жатқан форумның жоғары деңгейін атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы жетекші ұлттық компаниялармен 10 миллиард теңгеге он меморандумға қол қойылды. Біз аталмыш көрсеткіш 2017 жылы оданда жоғары болады деген үміттеміз, барлық уағдаластықтар орындалады деген ойдамыз. Форумның үш күнінде табысты еңбек етулеріңізді тілеймін», - деді вице-министр.

Өз кезегінде, «Бәйтерек» холдингісінің отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуі туралы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев айтып берді.  

«Бәйтерек» ҰБХ өзінің стратегиясына сәйкес  5 бағыт бойынша жұмыс істейді: ірі бизнеске қолдау көрсету, отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, трансферт және инновация енгізу, сонымен қатар ел азаматтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Біз «Бәйтерек» холдингін  интеграцияланған даму институтына айналдыруға мүмкіндік беретін бастамаларды көтеріп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Әнуар Омарходжаевтың айтуынша, бүгінде бизнеске кешенді қолдау көрсететін холдинг қызметінің бірыңғай сандық алаңын жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Естеріңізге сала кетейік, форумға шағын және орта бизнестің 350-ден астам кәсіпорны қатысуда.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика