АӨК - Қазақстан экономикасының драйвері

Пікірталас клубы аясында сарапшылар АӨК-ті дамытуды талқылайды

Бүгін, 28 шілдеде сағат 17:00-де Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының Пікірталас клубы алаңында сарапшылар 2015-2019 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылайды.
Астана қаласы 28 Шілде, 12:56

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев агроөндірістік кешенді дамыту  бойынша бағдарлама ұсынған болатын. Аталмыш бағдарламада Президент  ауыл шаруашылығы  жүйесіндегі  кемшіліктерді атап көрсетті. Олар жақын арада жойылады. Мәселен, бағдарламада  жеке қосалқы шаруашылық  пен шағын  және  фермерлік шаруашылықтың  ірі ресурсы қолданылмайтындығы айтылған.

Бүгінгі таңға дейін   қандай іс атқарылды? Өңірлерде ауыл шаруашылығы кооперативтері қалай құрылуда?Біріктіру тиімділікке қаншалықты әсер етеді? Мамандар осы сұрақтарға жауап беріп,  қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін шетелдік нарыққа шығару үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы баяндайды.

Пікірталас «Астана радиосының» тікелей эфирі мен «Strategy2050.kz» сайтынан  онлайн көрсетілім арқылы таратылады.

Сондай-ақ, тұрғындар  эфирге хабарласып  өздеріне қызықты сұрақтарды қоя алады.

Айта кетейік, Елбасы  Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.  Бағдарлама әзірленіп, енгізілді. Қазіргі таңда министр Асқар Мырзахметов өңірлердегі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің  құрылуын  бақылауда.





Яндекс.Метрика