Өңірлер

«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында сумен қамту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Саз және Жайлау шағын станцияларында сумен қамту жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді.
Астана қаласы28 Шілде , 14:56

«ҚТЖ» АҚ  хабарлағандай,  атқарылған жөндеу жұмыстары шағын станция тұрғындарын таза ауыз сумен  қамтудің өзекті мәселесін шешеді.

«Сумен қамту жүйелерін қалпына келтіру мен қондырғылар орнату жұмыстары станция тұрғындарын  тұрақты түрде сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік әпереді. Барлық жұмыстарды 2 тамызда аяқтауды көздеп отырмыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Саз бен Жайлау шағын станцияларындағы жұмыс «Теміржолсу» АҚ атқарып отырған кешенді шарасының мыңнан бір мезеті ғана.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Теміржол су» АҚ соңғы алты жылда 430 станция мен жол айырықтарында 730 нысанды қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Аталмыш мерзімде 500 шақырымдық су жүйесі мен 24,5 шақырымдық кәріз желісі жаңғыртылды. Бағдарлама басталғалы бері 50 су көтергіш бағаны, 69 су желісі сорғылық станциясы, 19 кәріздік сорғылық станциясы, 79 шахталық құдықтар қалпына келтірілді. Су көтергіш құрылғылардың ұңғымалары тазаланды. 70 теміржол бекеттерінде соңғы үлгідегі суды тазалау және залалсыздандыру қондырғылары орнатылды.

Теміржол станциялары тұрғындары орталықтандырылған сумен қамту жүйелеріне қосылуда. Күні бүгінге дейін 20 станциядағы 387 теміржолшының үйіне суды есептеу қондырғылары орнатылды. 12 шағын жол айырықтарындағы тұрғын жайларға себездеткіш, санитарлық жүйесі, су жылыту қондырғысымен қамтылды.

Биылғы жылы теміржолдың 40 бекетіндегі су және кәріздік 55 нысаны «Мөлдір бұлақ» бағдарламасымен қамтылып, құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Мөлдір бұлақ» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында теміржол бекеттеріндегі, станциялар мен жол айрықтарындағы  сумен қамту және кәріздік жүйесін қалпына келтірдік. Бұл өз кезегінде Компанияның меншігіндегі шығындарды да азайтуға мүмкіндік әпереді.

«Теміржолсу» АҚ атқарған алты жылдағы ауқымды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Компанияның сумен қамту желісіндегі өндірістік активінің тозығы жетуі 85 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді.




Яндекс.Метрика