АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақмола облысында жаңа ауыл шаруашылығы техникасы таныстырылды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Неміс аграрлық орталығының жыл сайынғы 7-ші "Дала күні" өтті, оның барысында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы ең жаңа еуропалық технологиялар көрмесі өтті.
Ақмола 28 Шілде, 15:37

Көрмеде астық жинау, азық жинау техникасы, телескопиялық жүк тиеуіштер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жабдығы ұсынылды. Мұндай техниканың құны 2,5 миллион теңге және одан жоғары. 

Зеренді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Медет Азнабаев хабарлағандай, Зеренді ауданының Чаглинка ауылындағы Неміс аграрлық орталығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен аграрлық сектордағы неміс кәсіпорындарының бірлескен бастамасымен ұйымдастырылған. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, Неміс аграрлық орталығы неміс және еуропалық ауыл шаруашылығы технологияларының біліктілік орталығы бола отыра, аграрлық сектор кәсіпорындарының басшылары мен мамандарын өндіріске енгізуге бағдарланған кәсіби біліммен таныстырады. 

«Орталық экономикалық әріптестер - Қазақстанның заманауи ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы мүшелерінің өнімдерін ұсынып, инновациялық технологияларды насихаттайды», - деп түсіндірді Медет Азнабаев.

Сонымен қатар, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев өз сөзінде осы көрменің үлкен маңыздылығын атап өтіп, оған қатысып отырған отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ең жаңа технологиялармен танысуға және оны өз кәсіпорындарына енгізіп, қызметінде пайдалану үшін тәжірибе алмасуға шақырды. 





Яндекс.Метрика