АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ауыл шаруашылық кооперативтерді қаржыландыру аясында АӨК-тің инвестициялық шығыны екі есе азаяды

Ауылшаруашылық кооперативтерді қаржыландыру аясында АӨК-тің инвестициялық шығыны екі есе азаяды, деп хабарлады «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.
Қостанай 28 Шілде, 15:12

Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттеріне арналған 5 модулдік кешен «Астық» Элеваторлық құралдар зауытынан» қостанайлық кооперативтерге жіберіледі. Кооперативтер модульдерді сатып алу үшін жеңілдетілген қаржыландыру мен қатар мемлекеттік субсидия алып, кепілдікке сатып алған мүлікті қойды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылшаруашылық кооперативтерді жеңілдетілген бағдарламалар бойынша қаржыландырады. «Ынтымақ» бағдарламасы арқылы несиелік қаражат ет, сүт, көкөніс-жеміс, бал өнімдерін шығару үшін сервистік-дайындау цехтерін ашуға  бағытталады.

Қаржыландыру механизмі бойынша кооперативтің инвестициялық шығындары 50 пайызға мемлекеттік субсидиялау арқылы жабылады.

Қостанай облысы аймағында ет және сүт бағытындағы кооперативтерге қажетті құрал-жабдықтарды «Астық» Элеваторлық құралдар зауыты» ЖШС шығарады.

«5 модульдік сүт қабылдау бекеті мен мал сою бекеті ауыл округтеріне жеткізіледі. Мал сою бекетінің бағасы – 22 миллион теңге, мемлекеттік субсидиялауды есептегенде, мұндай бекеттің бағасы кооператив үшін екі есе арзан шығады. Дәл сондай шарт сүт қабылдау бекеттерінде де пайдаланады. Жалпы, Қостанай филиалы «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша Денисов, Жетіқара, Қостанай, Қарабалық, Амангелді, Науырзым, Меңдіқара аудандарында 8 кооператив қаржыландырылды»,  - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалының директоры Марат Салықбаев.

«Рыспай», «Ар-Агро-Денисовка», «Ар-Агро», «Бурли», «Амангелді-Агро» кооперативтері өздері орналасқан ауыл округтерінің тұрғындарын біріктіреді. Жалпы, осы кооперативтерге кірген 177 мүше қосалқы шаруашылықтардан тұрақты табыс алады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асыратын несиелеу бағыттары біз үшін өте тиімді.Құрал-жабдықтарды екі есе арзан бағамен сатып аламыз. Несиені рәсімдеумен де проблема болған жоқ – филиал қызметкерлері кеңес беріп, модуль дайын болғанша бізбен бірге жүрді. Бүгін кооперативімізде 20 мүше бар, олардың барлығы мал сатып алу үшін Қорға несиелеу өтінімдерін тапсырды. Етті Қостанайдағы зауытқа тапсырамыз. Нарықтағы сұранысты есепке алсақ, несиені жақын үш-төрт жылдың ішінде жабамыз деген жоспар бар»,  - дейді «Жалғас» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Жазылбек Нұрханов.

Жалпы, Қостанай облысында биыл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді несиелеуге 1,8 млрд теңге бағытталатын болады. Бірінші жартыжылдықта 19 кооператив құрылып, 8 кооператив жалпы сомасы 114,6 миллион теңгенің несиесін алды.  

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.





Яндекс.Метрика