Үкімет

Қарағандыдағы наубайхана 1 800 тоннадан астам нан өнімін шығарды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорнына барды, онда нан-тоқаш өнімдері өндірісінің технологиялық ерекшеліктері мен инновациялық шешімдерімен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Қарағанды28 Шілде , 11:34

Нан пісіріп шығаратын зауыттың бас директоры Айгүл Бүрленова өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның келешектегі жоспарлары туралы айтып берді. Өндіріс орны ұнды ыдыссыз сақтау орны, су өңдейтін бөлмесі, кондитерлік цех пен қалыпты нан пісірілетін туннельдік пеші бар кешеннен тұрады. Бұдан кейін Бақытжан Сағынтаевқа зауыт шығаратын нан-тоқаш өнімдерінің көрмесі көрсетілді.  

 «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС кәсіпорны 2017 жылғы 4 ақпанда іске қосылған. Үздіксіз өндірістік қарқынмен жұмыс істейтін нан шығаратын жаңа зауыт өндірістің заманауи энергия үнемдеуші еуропалық жабдығымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда мұнда 1 800 тоннадан астам нан өнімі шығарылған.

Сондай-ақ,  Бақытжан Сағынтаев кремний балқытпасын шығару, тазарту және құю жүзеге асырылатын өндірістік цехтарды аралап шықты, сондай-ақ кремнийді аралық сақтау қоймасына барды.

«Tau-Ken Temir» ЖШС басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа технологиялық үдерістердің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ кәсіпорынды дамыту бойынша ағымдағы жетістіктер мен жоспарлар туралы баяндады.  

2018-2019 жылдары 1,5 млрд теңге сомаға инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоспарланған, ол шикіқұрамалық материалдар қоймасын салуды, паркті жаңартуды және технологиялық жабдықтарды жаңғыртуды көздейді.

Айта кетейік, «Tau-Ken Temir» ЖШС кәсіпорны 2014 жылы пайдалануға берілген және электрпештер өндіретін көшбасшылардың бірінің бірегей еуропалық жабдығына ие. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 24 мың тонна металлургиялық кремнийді құрайды. Жобаның артықшылығы толық экспортқа бағытталғандығы болып табылады. Кәсіпорын өнімдері алыс және таяу шетелге, атап айтқанда АҚШ, ЕО елдеріне, Ресей және Белоруссияға экспортталады, оған қоса өнімдегі қазақстандық қамту 80% құрайды.

 

 




Яндекс.Метрика