Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада ІІІ отандық тауар өндірушілер форумы ашылды

«Көрме» орталығында «Ұлы Дала елі» атты ІІІ отандық тауар өндірушілер форумы өз жұмысын бастады. Оған шағын және орта бизнестің 350-ден астам кәсіпорны қатысуда.
Астана қаласы 28 Шілде, 10:59

Іс-шарада «Сатып алу, өткізу, сауда және экспорт» тақырыптары талқыланады деп жоспарлануда.

«Атамекен» ҰКП хабарлағандай, форумның басты идеясы отандық тауар өндірушілерге өнімнің ірі сатып алушыларымен сапаны жақсарту, өнімді ілгерілету, сатып алудың ашықтығын арттыру, экспортқа шығу мәселелерін талқылауға мүмкіндік беру болып табылады.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілер форумы аясында 28-30 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары тауарының және «Қазақстанда жасалған» көрмесінің 206 компаниясы өндірісінің республикалық байқау-көрмесі өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» болып табылатынын айта кеткен жөн.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика