Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Теміржол көлігімен жүк тасымалы алты айда 13 пайызға өсті

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте бірінші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші жарты жылдықтың басымдықтары белгіленді.
Астана қаласы28 Шілде , 11:57

Бірінші жарты жылдықта жүк тасымалдау көлемі 128 миллион тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13 пайызға жоғары көрсеткіш. Жүк тасымалдау көлемі көмір, түсті металл, химиялық заттар тасымалдау есебінен өсті. Экспорттық тасымал көлемі 12%,  импорттық тасымалы–  23% артты. Компанияның басты бағыты транзиттік тасымалды дамытуға арналды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  хабарлағандай, компания жұмыс тиімділігін көтеруге арналған бастамышылықтарға ерекше көңіл бөлуде. Бірінші жарты жылдықтағы өзіндік құн мен жалпы әкімшілік шығындар 3,2 және 8,7 пайызға төмендеді.

Жоспардағы қаржылық нәтиже жақсарып, таза табыс көлемі 3 миллиард теңгені құрады.

Биылғы алты айда контейнерлік жүк тасымалы 49 пайызға өсті. Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Еуропа- Қытай бағдарына жүк тасымалы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ( 36 мың ЖФЭ-тен 73,1 мың ЖФЭ) екі есеге артты. Мақсат – осы өсім қарқынын тоқтатпай, трансқазақстандық бағдарларда тасымал тиімділігін көтеріп, қызмет көрсету сапасын жақсарта түсу талап етіледі. Ол үшін контейнерлердің мүкәммәл мүлік паркін ұлғайту, Ляньюньган және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты арқылы жүк ағынын өсіру, КЛО желісін жасақтау шаралары атқарылады. Сондай-ақ, жүк тасымалының артуына барлық теміржол станцияларында «Келісімдік және коммерциялық жұмыс» (АСУ ДКР) автоматтандырылған басқару жүйесін орнату, электронды құжат айналымын дамыту, жүк жеткізу технологиясын жетілдіру, әрбір жүк жөнелтушіге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, инфрақұрылымды әрі қарай дамыту шаралары ықпал етеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Алматы-Шу теміржол телімінің екінші өткізу кешенінің құрылысы, Құрық портының паром кешені, Астана теміржол станциясын дамыту жобалары атқарылуда. Астана вокзал кешені ғажайып нысаны пайдалануға берілді.

Биылғы алты айда 73 шақырымға күрделі жөндеу, 48 шақырымға орташа жөндеу жүргізіліп, 320 шақырым жол жаңғыртылды. Жолдың сапалық деңгейін диагностикалық құрылғылар арқылы анықтауға назар аударылуда. Соның нәтижесінде жолдың жағдайына байланысты жөндеу әдісіне көше бастады. Жыл аяғына дейін 659 шақырым жолды жаңғырту көзделеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылым кешені тиімділігін көтерудің  2025 жылдарға дейінгі Бағдарламасын жасап, бекіту туралы ұсыныстар қарастырылуда.

Сондай-ақ кеңесте жүк вагондарымен тасымалдау, қозғалыс қауіпсіздігінің өзекті жайлары қаралды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық өзгерістер барысы туралы, инфрақұрылым операторын жасақтау және нормативтік- технологиялық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады.

Компания басшысы кеңесті қорытындылай келіп, екінші жарты жылдықта  жүк тасымалы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық нысандарымен  қызметті белсенді жүргізу, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктік қызмет сапасын көтеру саласындағы  атқарылуы тиіс жайлар бойынша нақты тапсырмалар берді.

 




Яндекс.Метрика