Адами капитал

Астанада əлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүгедектер қажеттілігіне сай бейімделуде

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда әкім аппаратымен елорданың үш ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу бойынша жұмыс атқарылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан28 Шілде , 09:33

Атап айтқанда, есту және көру қабілеті бұзылған мүгедектер, қимыл-тірек аппаратының бұзушылығы бар арбаға танылған жандар үшін қолайлы жағдай жасауда нысандарды инвентаризациялау (төлқұжаттандыру) бойынша жұмыс аяқталды.

Осылайша тек «Есіл» ауданы бойынша жұмыс тобы 185 нысанды төлқұжаттандырды, олардың 147-і орта және шағын бизнес субъектілеріне қарайды.

Тексеруден өткен әр нысанға қатысты әдістемелік кеңестерге сәйкес, паспорт толтырылды. Төлқұжаттандыру қорытындысы бойынша анықталғанда  й, тексеруден өткен барлық дерлік нысандар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ішінара қолжетімді.

Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасамағаны үшін қабылданатын әкімшілік шаралар жөнінде ҚР заңнамасының ережелерін түсіндіру мақсатында кәсіпкерлер үшін үш ауданда жиын өтті. Оған аудандық прокуратураның, жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, еңбек комитеті, Астана қ. әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің  өкілдері қатысты.

Қазірі уақытта жұмыс тобы ұсынған кеңестерге сәйкес, нысандарда мүгедек жандар үшін қолайлы жағдай жасалуда, атап айтқанда арнайы дене түйсігі арқылы сезінетін тақтайшалар, халыққа қызмет көрсету аумағында мнемосұлба, баспалдақ, пандус алаңдарында қосымша тұтқадан ұстау жабдықтары, санитарлық-тұрмыстық мекемелерде шақырту түймешігі, арнайы көрсеткіштер орнатылды.

Бұл бағыт бойынша жұмыс Астана қаласы уәкілетті органдардың бақылауында. 




Яндекс.Метрика