Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмола облысында кәріз желілері қайта жаңартылады

Жарқайың ауданының Державинск қаласында кәріз желілерін қайта жаңарту басталды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола28 Шілде , 09:07

Әкімдікте жұмыстар Ұлт жоспарының 88-қадамын - "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Жобаның жалпы құны 2,0 миллиард теңгеден астам.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Баегизованың ақпараты бойынша бүгінгі таңда тазарту құрылыстары кешенінің аумағында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Кәріз жүйесі трассасының бойында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш эксковатор, жеті автосамосвал,  екі бульдозер іске қосылған, тағы үш эксковатор қосылады», - деді Гүлжан Баегизова.

Жалпы, Жарқайың ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуды, әлеуметтік сала және көлік инфрақұрылымы объектілерін жөндеуді көздейтін жобаларды іске асыруға 2017 жылы 1374,6 млн теңге бөлінген.

Еске сала кетейік, Ұлт жоспарында 88-қадам "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру жоспарларын ескере отыра жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге бағытталған Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және іске асыру ретінде белгіленген. 




Яндекс.Метрика