Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда азаматтар үшін мемлекеттік қызметті алу жеңілдетілуде (ФОТО)

ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында Азаматтар үшін үкімет корпорациясының жұмысы мен жаңашылдығы туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев туралы айтып берді.
Астана қаласы 27 Шілде, 17:33

«100 нақты қадамды жүзеге асыру аясында өткен жылы азаматтар үшін мемлекеттік корпорацияны құрдық, онда 723 мемқызметтің 548-ін немесе 76%-ын алуға болады және бұл көрсеткішті біз ағымдағы жылы 85%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл сандар адамдардың мелекеттік органдарды араламай ХҚКО-ға келіп өзіне қажетті қызметті пайдалана алатынын білдіреді. Яғни, біз процесті автоматтандырдық және де бұл жемқорлықпен күресте айтарлықтай үлкен қадам», - деді Д.Абаев.  

Министр мемкорпорация құрылымы еліміз бойынша 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін 350 кеңсені біріктіріп отырғанын тілге тиек етті.

«Өткен жылы шамамен 37 млн мемқызметті көрсеттік. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында бұл көрсеткіш 21 млн қызметтен асып жығылды, оның ішінде 14 млн электронды үлгіде көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады, сонда қарапайым халық ХҚКО-ға келмей-ақ өзіне қажетті анықтаманы ала алатын болады», - деп атап өтті Д.Абаев.   

Бұдан басқа, ол автокөлікті тіркеу бойынша және көлік жүргізу куәлігін беретін мамандандырылған орталықтарды дамыту туралы әңгімелеп берді.

«Бүгінде 12 арнайы орталық ашылып, жұмыс істеуде. Кедергісіз ортаны қалыптастыруға және мүгедек жандарға барынша ыңғайлы жағдай жасауға көңіл бөлінуде. Мемкорпорацияның өзінде түрлі қызметте 500-ге жуық кембағал жан жұмыс істеуде және біз осы  бағытта жұмыстарымызды жалғастырамыз. Мемкорпорацияның 70 мобилді тобы шалғайдағы елді мекендерге барып қызмет көрсететін болады. Бұл әкімдік арқылы жасалады», - деп атап өтті Д.Абаев.

Министр атап өткендей, қағазбастылықты азайту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда, бұл дегеніңіз ЭТҚ-сыз мемқызмет алу артатынын білдіреді. 

«Жалпы, біз мәліметтер базасын ашық ете аламыз, бұл бір органның анықтама үшін адамды екінші органға айдауын азайта алады. Бұл жұмыстар халықтың тұрмысын жеңілдету үшін жүргізілуде. Тамыз айында біз мемкорпорацияның жұмысы туралы ауқымды таныстырылым жасаймыз», - деп сендірді Д.Абаев.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика