Адами капитал

Астанадағы сараптама орталығы 2018 сынаманы зерттеді (ФОТО)

2017 жылы Астана қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы 2018 сынаманы зерттеді, деп хабарлады орталықта.
Астана қаласы27 Шілде , 20:43

 el.kz порталы хабарлағандай, бақшалықпен улану тіркелмеді. 2017 жылы  Орталық  2018 сынама жасады.

Қоғамдық  денсаулықты қорғау комитеті қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің техникалық регламенттерді сақтау бөлімінің  жетекшісі Қарлығаш Әбдішеваның айтуынша,  тұтынушыға көзбен қарап қарбыздардың, жемістің құрамында нитрат пен пестицидтердің болуы туралы айту мүмкін емес, оны тек мамандар ғана анықтай алады.  Өнімнің түсі тек оның піскендігін ғана көрсетеді. Лабораториядан өткізу үшін  10 грамм қарбыз қажет.

«Кез келген жеміс пен көкөністі тек тәртіптерді сақтау арқылы сатып алу керек.  Ол  маусымға  қатысты емес. Мәселен, дүкендерде  қарбызды Жаңа жылға қарсы сатады. Қарбыз сатып алудағы басты тәртіп – оның тауарлық түріне назар аудару. Егер жарықтар болып, өнім таза болмаса оны сатып алуға болмайды. Себебі,  ұрылған жерлер арқылы  кір өнімнің ішіне түседі. Жаз кезінде қарбызды тек жабық орындардан сатып алу керек», - деді Қарлығаш Әбдішева.

Оның айтуынша, қарбыз алар кезде  сатушыға оны кестіртіп көру керек.

Бас Прокуратураның бекіткен   жоспары  бойынша  орталық мамандары қаладағы көкөніс нүктелерінде тексеріс жүргізеді. Биылғы жылы  бақшалық битпен улану тіркелмеді. 2017 жылы  Орталық  2018 сынама жасады. Оның ішінде  19-ы бекітілген нормаларға сәйкес келмеді, 0,9 пайызды құрады.

Бұл жерлерге «Шарын», «Алаш», «Биг Шанхай», «Көк Базар» базарларынан жеткізіледі.  Қазіргі таңда  Астанаға көкөніс өнімдері Қазақстанның оңтүстігінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайдан жеткізіледі.

«Тексерулердің қорытындысы бойынша  жалған жеткізушілер мен сатушыларға  шара қолданылады. Біз бұл өнімнің  сатылымнан алынып, жойылғанын құжат бойынша талап етеміз», - деді Қарлығаш Әдішева.

Әңгімелесуші айтып өткендей, жергілікті жердегі барлық  өнімдер құжаттармен сүйемелденуі керек.  Еуразиялық экономикалық комиссияның  талаптары осындай.

«Кей кезде адамдар қарбыз жеген соң уланып қалдым деп ойлайды. Ол адам гигиенаны сақтамаудан да болуы мүмкін», - деді ол.

Фото: Арман Мұхатов




Яндекс.Метрика