Парламент

Қазақстан үшін Бухарест маңызды әріптес - Сенат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Румынияның сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Шілде, 19:21

Тараптар әңгіме барысында екі елдің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығына қатысты ауқымды мәселелерді талқылады. Сенат төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстан ұлттық мүдделерді халықаралық аренада ілгерілетуде Бухаресті сенімді әріптес ретінде таниды және олардың Орталық Азия аймағына қатысты бастамаларын қолдауға әзір. С.Громов Қазақстан әріптестікті нәтижелі іске асыруға және ортақ күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша екіжақты қатынастарды тереңдетуге қатысты жұмыстарды үдетуге әзір екенін атап өтті.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Румынияның ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және тереңдету қажеттігі жөнінде ортақ пікір айтылды.

Сенат Төрағасының орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшесі болуда Қазақстанды қолдағаны үшін румын жағына алғыс айтты.

Кездесудің қорытынды бөлігінде жүздесушілер халықаралық терроризммен, діни экстремизммен, есірткі саудасымен және қазіргі замандағы басқа да қауіп-қатерлермен күресте ауқымды халықаралық шараларда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

 





Яндекс.Метрика