Парламент

Мәжіліске Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрі келді

Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов Жапония Парламенттік Қорғаныс вице-министрі Такаюки Кобаяшимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Шілде, 18:13

Кездесу барысында ғылыми-әскери, мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша мәселер талқыланды. Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өткен жылғы Жапон еліне жасаған ресми сапарының екі ел арасындағы достық байланысқа жаңа серпін бергенін атап өтті.

Мәжіліс депутаты жапония жағының Қазақстанда болатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға ниет білдіргендіктерін қуанышпен қабылдағандықтарын жеткізді.

«Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Өкілдер Палатасының депутаты Такео Кавамура мырзаның ЭКСПО көрмесіне арнайы келуі біздің елдеріміз ынтымақтастығының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді», – деді А.Тасболатов.

 Өз кезегінде мейман, Жапонияда Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын өте жоғары бағалайтынын айтты. Осы ретте тараптар ядролық сынақ мәселесіне қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ, кездесу иелері екі ел арасындағы барлық сала бойынша қарым-қатынасты нығайтудың өзекті сұрақтарымен қатарпарламентаралық байланыстарды дамыту қажеттілігіне де тоқталды. Атап өтерлік жәйт, мейманның елімізге іс сапары Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр.
 

 

 





Яндекс.Метрика