АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қазақстанда АӨК-тің экспорттық орталығы іске қосылады

Қазақстанда АӨК-тің экспорттық орталығы іске қосылады . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Шілде, 19:46

Вице-министр, биылдан бастап экспорттық саясат әлеуетті нарықтарға АӨК өнімдерін мақсатты ілгерілету негізінде құрылатынын атап өтті.  

«Азық – түлік келісім шарт» АҚ Ұлттық компаниясының меншікті қаражаты негізінде АӨК-тің экспорттық орталығы құрылатынын айтты.

«Аталған экспорттық орталық «KazakhExport» АҚ-мен және «Kazakh Invest» АҚ-мен, сондай-ақ ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдері арқылы тығыз ынтымақтастықта әрекет ететін болады. Орталық сыртқы нарықтарға талдау жүргізіп, дамыған елдер үшін өнімдерді жылжыту жол картасын құру, өнімдерді экспорттау саласында кеңестер беріп, келісім-шарттарға отыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өнімді форвардтық сатып-алу жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар, орталық ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтандыруды қамтамасыз ете отырып, қолшатыр брендтер, соның ішінде «KZ Organic Food» брендін алға жылжытады», - деді ол.

 Қазіргі уақытта Қытай, Иран, БАӘ, Израиль, Сауд Арабиясы және т.б. елдерге экспортталатын тауарлардың көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жоғарыда көрсетілген елдермен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын фитосанитарлық және ветеринарлық талаптар келісілуде, тасымалдану бажын төмендету жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

«Мысалы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын мұздатылған қой етіне қойылатын талаптардың Хаттамасына қол қойылды. Қазақстаннан Қытайға және БАӘ тасымалданатын мұздатылған қой етінің ветеринарлық сертификатына қол қою жұмыстары жүргізілуде. Ал Иранға экспортталатын қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін тасымалдау бойынша ветеринарлық талаптар  келісілді», - деді ол.

Ал, қазақтың қойын Израильға тасымалдау бойынша осы елдің құзіретті мекемесіне хат жолданды. 





Яндекс.Метрика