Энергетика

Екібастұз МАЭС-2 6 млрд 201 млн кВтс электр қуатын өндіріп рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Екібастұз МАЭС-2 энергетиктері бес жыл бұрын қол жеткізген көрсеткішті бағындырып, жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды кәсіпкерліктің баспасөз қызметі.
Павлодар30 Желтоксан , 09:39

«Жылдық жоспар жыл аяқталардан бір апта бұрын орындалды.. Ал 28-інші желтоқсанда МАЭС-2 6 млрд 201 млн кВтс электр қуатын өндіріп рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осылайша Екібастұз МАЭС-2 энергетиктері бес жыл бұрын қол жеткізген көрсеткішті бағындырып, жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, ол кезде кәсіпкерлік 6 млрд 199 млн кВтс қуат өндірген еді», - делінген хабарламада.

Рекордтық көрсеткіштің бағындырылуы екінші энергоблоктың шығарылғанына 20 жыл толуына сәйкес келіп отыр.

 

 




Яндекс.Метрика