Өңірлер

Әкім Көкшетау қаласындағы «Революция күрескерлері» саябағын қайта жаңарту барысын тексерді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыс орталығының құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ақмола27 Шілде , 16:36

Көкшетау қаласын аралау барысында облыс әкімі Ташенов көшесінің бойындағы екі жол учаскесін күрделі жөндеу барысымен танысты. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.  

Бұдан әрі Мәлік Мырзалин қазіргі уақытта қайта жаңартылып жатқан «Революция күрескерлері» саябағында болды.   

«Биыл саябақты қалпына келтіру жұмысын жылдамдату үшін облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Қазір жұмыстар қызу жүріп жатыр, саяжолдар салынып, кеспе тастар төселуде. Жоба бойынша «Революция күрескерлері» саябағының аумағы келесі жылдың соңына дейін заманауи мәдени және демалыс саябағына айналуы тиіс», - деді әкімдікте.

Биылдың өзінде құрылысшылар спорттық-тұрмыстық кешенді аяқтауды жоспарлап отыр. Мұнда пайдаланылатын құрылыс материалдарының 80 пайызы отанымызда өндірілген.

Бұдан бөлек, облыс әкімі облыстағы құрылыс өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын «РегионСтрой» ЖШС-да да болып қайтты. Ағымдағы жылы мұнда құрылыс заттарының 30 мың тоннасы өндірілген.  

Сондай-ақ, М. Мырзалин №18 орта мектептің 420 орынға арналған қосымша құрылысын қарап шықты. Қазір объектіде 3-ші қабаттың қабырғалары салынып жатыр, ішкі инженерлік желілер өткізіліп, басқа да жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі құрылысшылардың жұмысын бағалап, объектіні келесі оқу жылының басына дейін пайдалануға беруді тапсырды. 




Яндекс.Метрика