Мәдениетті жаңғырту

Қазақстан бойынша саяхат жасау жоспарымда бар - Д.Малкович

XII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Астанаға голливуд актері, продюсер мен кинорежиссер, «Оскар» сыйлығының екі мәрте номинанты Джон Гэвин Малкович келді, ол ҚазҰӨУ мекемесінде Қазақстан бойынша саяхаттағысы келетінін жеткізді.
Астана қаласы27 Шілде , 13:14

«Қазақстан маған өте ұнайды, мен әзірге Астана мен Алматы қалаларында болдым. Мен Қазақстанды аралағым келеді. Қазақстан туралы көп оқысам да Шыңғысхан және советтік кезең туралы аса  көп біле бермеймін. Ұлттық мәдениетті зерттегім келеді», - деді Д.Малкович.

Актер «ЭКСПО-2017» көрмесі мен «Еуразия» кинофестивалі туралы айтып берді.

«Кеше мен «ЭКСПО-2017» көрмесін араладым, уақытымның тығыздығына байланысты  барлығын тамашалай алмадым, алайда 1-2 сағатта алған әсерім керемет. Таң қаларлықтай сәулет, қызықты технология, «Болашақтың энергиясы» тақырыбы кеңінен ашылған. Біз қазақстандық павильонда болдық, өте әсерлі, француз павильоны да көңілден шықты. «Еуразия» кинофестиваліне келетін болсақ, менің өкінішке қарай уақытым аз, Қазақстандағы кинофестиваль шеруіне толық қатысқым келген. Биыл мен екі елде- Франция мен Испанияда   әділқазылар алқасының құрамындамын», - деді ол.

Айта кетейік, Джон Малковичті Қазақстанның мәдениетімен таныстыру үшін Шабыт университетінде  симфониялық оркестр концерті өтіп, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева  оркестрдің сүйемелдеуімен скрипкада ойнады.

Айта кетейік, Астанада XII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Астанаға  Эдриан Броуди имен  Николас Кейдж келген болатын.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев




Яндекс.Метрика