«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Астанада екі мектептің құрылысы басталды

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Астанада екі мектептің құрылысы басталды және үш қосалқы құрылыс аяқталуда, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласы27 Шілде , 18:38

2017 жылы Астанада білім саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1 266,9 млн теңге бөлінді.

«Сонымен қатар, аталмыш қаржының бір бөлігі 2017-2018  оқу жылы басталғанға дейін пайдаланылуға берілетін №16, 32, 37 мектептердің қосалқы құрылысына бағытталды. Бұдан басқа, 2000 орынға есептелген екі мектептің құрылысына  бөлінді. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қомақты қаржының 708,9 млн теңгесі игерілген», — деп атап өтті қала әкімдігі.

2017-2018 оқу жылы мектептерге 2600 орынға есептелген  қосымша құрылысты пайдалануға беру көзделген.

Бүгінде 6800 орынға есептелген 6 мектептің құрылысы басталды, олар 2018 жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарланған.  Тағы 4200 орынға есептелген 4 мектептің құрылысын бастау көзделген. Сондай-ақ, құрылысы 2018-2019  жылдары басталатын жаңа 13 мектепті жобалау жұмыстары басталды. 




Яндекс.Метрика