Рухани жаңғыру

ШҚО-да аймақтың тарихын зерттеу үшін ғылыми платформа құрылады

ШҚО-да «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені» жобасы жасақталды.
Шығыс Қазақстан27 Шілде , 12:59

Түрлі саладағы ғалымдар мен сарапшылардан тұратын жұмыс тобы ондаған зерттемелерді жасады, олар аймақтағы «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасын жүзеге асыруда негіз болады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жоба көне замандағы аймақтың тарихын зерттеуге, тарихи, мәдени, этногенетикалық процесстердің жан-жақтылығын көрсетуге  мүмкіндік береді және мемориалды мәдениеттің бірыңғай кешенін ұсынады.

Аймақта мұндай масштабты жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылдан бастап өңір басшысы Даниала Ахметовтың бастамасымен Шығыс Қазақстан аумағында қазақстандық археологтар  Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Италия, Польша, Ресей, АҚШ және Жапония ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Бүгінде бес археологиялық нысан зерттелді, олардың Қазақстанның көне тарихын зерттеуде маңызы зор. Облыстық тарихи-өлкетану музейіне 3 мың жаңа артефакт тапсырылды. 




Яндекс.Метрика