Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2017 жылы жекешелендірудің 179 нысаны сатылымға қойылды

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде 2014 жылдан бастап 127,6 млрд. теңге сомаға 470 объекті сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Шілде , 12:39

Оның ішінде:11 млрд. теңгеге республикалық меншіктегі 30 объекті;21 млрд. теңгеге коммуналдық меншіктегі 228 объекті; 95,6 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектордағы 212 объекті.

Қазіргі уақытта Кешенді жоспар өзектендіріліп, түгендеу нәтижесі бойынша толықтырылды және 879 объектіні құрайды.

Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 2016 жылдан бері 64,5 млрд. теңге сомаға 240 объекті жүзеге асырылды оның ішінде:    7,5 млрд. теңгеге республикалық меншіктегі 19 объекті;     18 млрд. теңгеге коммуналдық меншіктегі 120 объекті;      39 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектордағы 101 объекті.

Бұдан басқа, 191 объекті қайта құру, таратылу сатысында.

Нәтижесінде 2017 жылы 487 объектіні, ал 2018 жылы - 103 объектіні сату жоспарланып отыр.

2019-2020 жылдарға тек Самұрық-Қазынаның 17 ірі компаниясы, спецификалық ерекшілігіне байланысты, қалдырылып отыр.

Бүгінгі күнде 2017 жылға жоспарланған объектілердің ішінен    179 объекті сауда-саттыққа шығарылып, оның 60 объектісі сатылды, сомасы 6,9 млрд.теңгені құрады.

99 объекті қайта құру және таратылу сатысында.

209 объектісі бойынша сату алды дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде 77 объекті бойынша бағалау жүргізілуде.




Яндекс.Метрика