Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ОҚО-да польшалық инвесторлардың қатысуымен 3 ауқымды жоба іске қосылды

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақ-поляк сауда-өнеркәсіп палатасы арасында әріптестік туралы меморандум қабылданды, деп ОҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 09:10

Қол қойылған Меморандумның мақсаты Қазақстан мен Польша кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру, екі жақты коммерциялық байланыс пен инвестициялық серіктестікті нығайту болып табылады.

 «Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіпке инвестиция тартуға барлық жағдайлар жасалған Бүгінгі күні кәсіпкерлер инвестицияларды Астана мен Алматы қалаларына тартуға ұмтылады. Біз Шымкентте кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға жақсы жағдайлар жасалынып жатқанын көріп, осы жерде өзіміздің өкілдігімізді ашуды шештік, сонымен қатар Польша инвесторларын Оңтүстік-Қазақстанға шақырамыз. Қазіргі таңда облыс аймағында іске асырылатын үш жобамыз бар» – деді Қазақ-поляк сауда-өнеркәсіп палатасы директоры Дариуш Хмура.

Сондай-ақ, ол жобалар ішінде облыста құны 65 млн. еуроны құрайтын күркетауық фермасын салу, сонымен қатар Қазақстандағы ең үлкен сүт зауытын орнату жоспарланып отырғанын айтты.

 «Екі жақты қабылданған меморандум аясында тараптар облыс  экономикасының басым бағыттарын нығайту мен бірлескен іс-шаралар кестесі бекітілді. Сонымен қатар облыста ауылшаруашылық саласына бағытталған «оқыту тәжірибелік орталығы» ашылады. Ол жерде польша бағбандары жергілікті кәсіпкерлерімен өз тәжірибелері алмасатын болады»,  – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев.

 

 




Яндекс.Метрика