Экономика

2016 жылы Қазақстанда құрылыс өсті

2016 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3258,0 млрд. теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 7,4%-ға көбейді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Шілде , 12:13

Құрылыс жұмыстарының едәуір үлесі (45,2%) ірі кәсіпорындармен орындалды.

2016 жылы 10,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, ол 2015 жылға қарағанда 17,6%-ға көп. Жеке құрылыс салушылармен 5,2 млн. шаршы метр салынды. Әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген.

2016 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 89 жалпы білім беретін мектеп, 80 мектепке дейінгі мекемелер, 69 амбулаториялық-емханалық мекеме және 5 аурухана пайдалануға берілді.




Яндекс.Метрика