Халықаралық интеграция

Челябинск кәсіпорындары ҚР-ның ғарыш саласындағы кәсіпорындарымен ынтымақтастық жасауға ниетті

Астана қаласында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінде Челябинск облысының (Ресей Федерациясы) күндерін өткізу аясында губернатор Борис Дубровский бастаған Ресей өңірінің делегациясы Ұлттық ғарыш орталығында болды.
Астана қаласы 27 Шілде, 11:57

Кездесу басында ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин делегация өкілдерін Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК" АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев шетелдік қонақтарға компания іске асырып жатқан ҚР-дағы ғарыш технологиялары жобалары туралы айтып берді. 

Бұдан бөлек, ол республикада мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен бизнестің тиімді пайдалануы мақсатында, Ұлттық кеңістік деректері инфрақұрылымын құру жұмысы жайында да мәлім етті. 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінде хабарлағандай, Челябинск облысының делегациясы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысына ерекше назар аударды.

Делегация болашақ Арнайы құрылымдық-технологиялық бюро ғимаратын қарап шықты, оны биыл пайдалануға енгізу жоспарлануда. 

Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары айқындалды.

Айта кету керек, Челябинск облысы кәсіпорындарының бірі – Миасс медициналық жабдық зауыты, ол таза үй-жайлар кешенін дайындаумен айналысады және 2015 жылдан бері "Ғалам" ЖШС-мен және "ҚҒС" ҰК" АҚ-мен бірге жұмыс жасап келеді. 





Яндекс.Метрика