Халықаралық интеграция

Румынияның СІМ басшысы 27-28 шілдеде Қазақстанға келеді

Сыртқы істер министрлігінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашевтың қатысуымен қазақстандық-румын ынтымақтастығының ахуалы мен дамуы тақырыбындағы брифингте Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану 27-28 шілдеде Қазақстанға сапармен келетіні мәлім болды.
Астана қаласы 27 Шілде, 09:34

Брифинг барысында Д. Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану 27-28 шілдеде Қазақстанға сапармен келетіні туралы хабарлады. Сапар шеңберінде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздері және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Румынияның ұлттық күніне қатысуы жоспарланған. Сонымен қатар румын делегациясы Қарағанды облысындағы «Дачия»  румын ұлттық-мәдени қоғамына сапармен барады.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша тараптардың ұстанымдары сәйкес келеді. Саяси диалогты дәйекті қолдауы, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың серпінді дамуы, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында екі елдің күш-жігерін үйлесуі тараптардың одан әрі жақындасуына ықпал етуде», - деді елші.

Румыния Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болса, Қазақстан өз кезегінде осы ел экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. Іскерлік байланыстарды жандандыруға тұрақты мүдделілік танылуда. Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында Румыниямен мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, көліктік-транзиттік әлеуеті, ақпараттық технологиялар мен басқа да көптеген салаларда ынтымақтастықтың болашағы зор. Елші қазанда қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтетіні туралы хабарлады.

 





Яндекс.Метрика